русский

Әнелдің алар асуы көп

Уахит Әнел Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатына 2013-2014 оқу жылы 1 қыркүйекте 6 жасында Ертістің бойында Лебяжі ауданы Қазы ауылынан келген. Жанұяда төрт адам. Әкесі Ержан, анасы Жанар, бала тәрбиесін жақсы атқарады және қолдан келгенше көмектерін аямайды. Әпкесі Гүлден Павлодар педагогикалық колледжінің студенті.

Әнел өте салмақты, инабатты, тәртіпті, үлгерімі жақсы оқитын оқушының бірі.Пәндерге деген қызығушылығы мол, есте сақтау қабілеті зор тұлға. Ән салып, би билегенді ұнатады. Би өнерінің керемет мың бұралған биші қызы. Сымбаты, нәзік қимылымен гүлді, жәндіктерді машықтайды. Өнерге деген осы қасиеті туған жерінің топырағынан дарыған деп айтуға болады. Биыл Әнел бастауыш сынып түлегі. Осы төрт жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның бірі: би өнерінде Х-шы Республикалық балалар шығармашылық және Облыстық «ВІ- Жұлдызай» фестиваліне екі мәрте белсенді қатысқаны үшін диплом және сертификатпен марапатталды. Салауатты өмір салты бойынша да бірнеше спорт ойын түрлеріне қатысып, тоғызқұмалақ, дойбы жарысында жас ерекшелігі бойынша үздік үштікті қорытындалады. Мектепішілік, сабақтан тыс іс-шараларға да белсенді қатысады: апталықтар, ашық сынып сабақтарында өзінің пәндерге деген сүйіспеншілігін көрсете біледі.
Әнелдің қабілетін шыңдауға мектеп ұжымының үлесі зор. Балаға деген көз қарас дұрыс болғандықтан, оның толық ашылуына мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Әнелге зор денсаулық, ата-анасының қуанышы болсын дей отырып, мынадай дана Абайдың сөзімен аяқтағым келеді: «Сен де бір кірпіш дүниенің, кетігін тап та, бар қалан».

Мұғалімі Жанғазина Майкен Қатайқызы

Безымянный

 

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий