русский

Мектеп- интернат негізінде тәжірибелік шығу сабақтары

       2017  жылдың 9 наурыз күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ негізінде «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» біліктілікті арттыру курсының шеңберінде ПҚ БАИ «Өрлеу» «ПКҰО» 25 тыңдарманы үшін тәжірибелік шығу сабақтары өткізілді.

Қатысушылары Павлодар облысының қосымша білім беру педагогтары болып, оларды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда қолданылатын денсаулықты сақтау технологиялары бойынша мәселелерқызықтыратын болған. Мектеп-интернат психологы Д.Д.Мажитова осы тыңдармандармен жұмысты өткізіп, оқыту мен тәрбиелеудің барлық кезендерінде баланың денсаулықты сақтауға бағытталған білім беру саласындағы барлық факторлардың өзара байланысы және өзара әрекеттестікті қосатын қазіргі денсаулық сақтайтын технологияларды тәжірибеде көрсете алды. Тәжірибелік сабақтар психологиялық жеңілдену бөлмесінде өткізілді.

     Бала денсаулығы  — толық физикалық және әлеуметтік амандық жағдайы, аурулар мен физикалық кемшіліктерінің болмауы ғана еместігін осы іс-шара дәлелдеді.

Мектеп-интернат психолгы

 Д.Д. Мажитова

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий