русский

Жүзудегі алғашқы жетістіктер

«Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп интернаты» ММ тәрбиеленушілері 2017 жылдың 19 сәуір күні «Шымыр» бассейінде өткен қимыл тірек аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жүзу бойынша облыс Чемпионатына қатысты.

Күренбаева Айжан, Заяц Кристина, Бирюков Максим, Құнанбаева Айдана түрлі жастық топтардағы І орындарға, Алтынбек Таймас ІІ орынға, Самойленко Артем V орынға ие болды.

Балалар мүгедектік спорт және спорттың ойын түрлері бойынша балалар жасөспірімдер спорттық мектебінде жүзумен екінші жыл ғана айналысып жатыр, бірақ та жақсы нәтижелер көрсетуде.

Жүзумен айналасу бұл көру қабілеті нашар және зағип балалардың жалпы соматикалық жағдайдың негізгі құралы ғана емес, сонымен бірге бұл негізгі әлеуметтік психологиялық фактор, өйткені көру қабілетінің төменденуі немесе жоқ болуы жағдайында қандай жетістіктерге жетуге болатындығына балалар дәлелдей алатын мүмкіндіктері бар.

ОІ жөніндегі басшының орынбасары А.А. Зарипова –Тарасова

Рисунок1-768x451

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий