русский

Тоғызқұмалақ бойынша облыстық жарыстар!

2017  жылдың 20 қаңтар күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп -интернаты» ММ -ң негізінде арнайы жалпы білім беру мектеп — интернаттар арасында XXV облыстық спартакиаданың шеңберінде тоғызқұмалақ бойынша облыстық жарыстар өтті.

Жарыстарға 7 команда қатысты.

Мектеп -интернаттың оқушылары Алпысбай Алдияр, Мусина Нұрай және Байтас Камилла мектеп интернаттың намысын лайықты қорғады және жалпы командалық І орынға ие болды. Жарыстарға тәрбиеленушілерді дайындаған дене шынықтыру мұғалімі Н.Қ.Махамбетов және мүгедектік спорт бойынша балалар -жасөспірімдер мектебінің тренері Л.С.Жанғазина.DSC_0066

Сонымен, жарыстарда № 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп -интернатының тәрбиеленушілері ІІ орынға, Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ІІІ орынға ие болғандарын атап кетуге қажет.

                                                                           Бейімделме дене шынықтыру   мұғалімі

А.С.Тугунбаев

DSC_0088

WhatsApp Image 2018-02-07 at 15.08.41

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий