русский

Жас мамандарға арналған облыстық семинар!

2018 жылдың 16 ақпан күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ – де «Білім беру процесінің қамтамасыздандырудың жағдайы ретінде арнайы білім беру ұйымдарының жас педагог кәсіби құзыретін дамыту» атты облыстық семинары өтті.

Семинарға Павлодар облысының «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ филиалының жұртшылықпен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Г.К.Курманова,  ПМПУ математика және жаратылыстану факультетінің анатомия, физиология және дефектология   кафедрасының меңгерушісі Т.Б.Кенжебаева, облыстың интернаттық ұйымдарының,  психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес беру және түзету кабинеттерінің жас мамандары қатысты.WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.20

Пленарлық бөлімінде Г.К.Курманова семинардың қонақтарын ересектерді оқытудың инновациялық түрі – педагогикалық шеберханасымен таныстырып шықты,  «SWOT мүмкіндіктері – жас маманның кәсіби құзыретінің өсу деңгейін бағалауға арналған талдау» атты практикумды өткізді.WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.25

Содан кейін  мектеп — интернаттың тәжірибелі мұғалімдері мен  жас мамандары ашық сабақтар, түзету сабақтар мен тәрбие сағаттарын берді.WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.21 (1)

Педагогикалық шеберханасынаның жұмысы барысында биология және математикадан біріктірілген сабақ, сонымен бірге жобалық қызметі бойынша тәрбие жұмысының тәжірибесі ұсынылды.WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.26

Қорытындыларды шығару және сертификаттарды сыйлаудан кейін мектеп- интернаттың тәрбиеленушелері қонақтарға «Патша балы» атты вокалдық – би мюзиклін сыйлады.WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.27

WhatsApp Image 2018-02-16 at 14.41.29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий