русский

Ертегі әрдайым бізбен бірге!

Ақырғы кезде отандастық мектеп жүйесінде үлкен өзгерістер болуда. Бұл әр ұстаздан өзіеің ұстаздық қызметінде жаңа, неғұрлым шығармашылықты және креативті жақындаушылықты талап етеді. Осыған орай аттестациядан өтіп жатқан ұстаздар Ружена Евгеньевна Осипова және Әділжан Сабыржанұлы Тугунбаев балалық музыкалық мюзикл спектакль түрінде өздерінің шығармашылық есептерін өткізуді жөн көрді.

Аталмыш жобаның мақсаты музыка және дефектолог ұстаздарының кәсіби педагогикалық қызметтері арқылы біздің мектебіміздің оқушыларының әртістік, би, вокалды және музыкалық дамуыларын көрсету ниеті болды. Мюзикл – бұл өз құзыретінде әдебиет, драма, би, вокал, музыка сияқтыларды біріктіретін өнердің синтетикалық түрі. Спектакльге қатысу үшін алдында әртістік тәжірибесі байқалмаған балалар шақырылды, және спектакльді ұйымдастыру жұмыс барысында олардың талаптары және таланттары ашылуларын байқау өте қызықты болды. Жарық әртістік талаптар тек қана балаларда ғана емес, сонымен қатар Әділжан Сабаржанұлы Тугунбаев, Анара Серікқызы Матенова және Динара Жұмабайқызы Жетписова сынды ересектерде байқалды, олар үлкен қызығушылықпен өз рөлдерін орындады. Ұстаздар спектакльдің техникалық жағын қамтамасыз еткен қарқынды жұмыс атқарды: видеороликтер түсірілді, әр сахна үшін видеодекорациялар құрылды, аудиофайлдар жазылды. Басты қаһармандар үшін Л.Н.Самошкина және Р.Е.Осипова неғұрлым жарық сахналық образдарды құруға ықпал еткен жаңа костюмдер тікті. Спектакльдің ұзақтығына қарамастан көрермендер оны тыныс алмай тамашалады деуге болады. Және де жобаны құрғандар үшін өте маңызды сәт болып  сахнада өз өнерлерін көрсету мүмкіндігіне ие болған балалардың құанышы болды.

Ән күй пәнінен мұғалімі Осипова Р.Е.

IMG-20180222-WA0015

IMG-20180222-WA0020

IMG-20180222-WA0038

IMG-20180222-WA0044

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий