русский

Жобалық қызмет арқылы инновациялық технологияларды қолдану!

Инновация – құру , игеру, жаңаны тарату мен қолдану , ескіні өзгерту мақсаты. Инновация түсінігі біздің өмірімізге мықтап енді. Педагогикалық процесте инновациялық  құбылыстар шығармашылық процеске қажеттілік ретінде қолданылады.

2017-2018 оқу жылында « Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбешілер мен қосымша білім беру педагогтары ұжымы тәрбиеленушілердің қатысуымен жобалық қызмет арқылы инновациялық технологияларды қолдану бойынша үлкен жұмыстар жүргізді.

Наурыз айында бірнеше тәрбиешілер өз жобаларын ұсынды.

Берекетова Д.Т 5-6 сынып оқушыларыменбірлесіп, үлкен де ұзақ мерзімді «Сәндік-қолданбалы өнер одан әрі қамтамасыз ету құралы » жобасын құрастырды. Осы жылы балалар әуе шарларынан гүл жасау техникасын , фоамираннан түрлі әшекейлер әзірлеуді игерді.                 8 наурыз мерекесінде мектеп-интернаттың, № 23 балалар бақшасы мен  №19 ОБМ-нің барлық нәзік жандарына гүлдер мен шаш қыстырғыштар сыйлады.

Тәрбиеші Нургалиева А.Қ. сынып жетекшісі Жетписова Д.Ж бірлесіп, балаларға «Ритм» журналистік студиясын ұйымдастырды. Балалар мезгілімен Оқушылар сарайына  барып, әрдайым қабырға газеттерін шығарып, педагогтар мен оқушыларды түрлі жаңалықтардан хабардар етуде белсенді жұмыстар атқарды.

Мергалимова Ж.Қ. «Жоғары сыныптарға арналған диалогтық     технология » тақырыбын таңдады. Балалар өздіктерінен жобаны  «Интернет : қолдау және қарсылық таныту » тақырыбында пікірталас өткізу арқылы қорғады.

 

Мектеп-интернат басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Зарипова –Тарасова А.А.

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.13 (1)

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.13

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.14 (1)

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.14

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.15

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.16 (1)

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.16 (2)

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.16

WhatsApp Image 2018-03-16 at 17.13.17

 

 

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий