русский

Ғылыми –тәжірибелік конференциядағы жеңіс!

2018 жылдың 11-13 сәуір күндері аралығында  ИНЕУ негізінде 215 тен астам студент және гимназия мектептерінен  95оқушы , Павлодар облысының , Риддердің, Томсктің, Аягөздің, Екібастұз және басқа қалалардың  дарынды балаларға арналған  мектептері қатысқан   Қазақстан Республикасы кіші ғылым академиясының 44 ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді .

Олардың ішінде « Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты»          ММ-нің 6 «А» сынып тәрбиеленушісі Байтас Камила да бар. Ол  конференцияда ғылыми жетекшісі Жетписова Д.Ж.-ның жетекшілігімен  «Асық ату ұлттық ойынын өскелең ұрпақтар арасында насихаттау» атты баяндама оқыды.

Камила біздің мектепті лайықты түрде  ұсынып , 3 орынға ие болды , сондай- ақ    ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін сертификатпен марапатталды. Ғылыми жетекшісіне жас ғалымдарды даярлаудағы жемісті жұмысы үшін сертификат табысталды.

Осы нәтижелер ерекше білім беруді қажет ететін балалардың басқа балалармен теңдесіп , ғылыми жобаларға белсене қатыса  алатындығының және жеңіске  қол жеткізудің  куәсі  екенін білдіреді. Камилаға  одан  әрі  жетістікке  жетуді тілейміз!

                                           ЕДШ мұғалімі Жетписова Д.Ж.

WhatsApp Image 2018-04-16 at 11.40.28 (1)

WhatsApp Image 2018-04-16 at 11.40.28

WhatsApp Image 2018-04-16 at 11.40.29

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий