русский

Ешкім де ұмытылмады, ештеңе де ұмытылмайды!

Уақыт әрқашанда алға қарай жылжиды, әрқайсымыз үшін, осылайша халық үшін көптеген оқиғалар артта қалуда. Бірақ та ұмытылмайтын оқиғалар бар, оларды ұмытуға болмайды, оларды тек қана есте сақтау, құрметпен атап өту және болашақ ұрпаққа қалдыруға міндетті. Біз үшін осындай мерекелердің бірі Ұлы Отан соғысында Жеңіс күні  болып табылады. Бұл ерекше маңызы бар күн. Бұл біздің тарихымыз, біздің қайғымыз, біздің үмітіміз…..

«Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп — интернаты» ММ -де Ұлы Жеңіс Күніне және Отан қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Соғыс жылдарындағы өлеңдер, әскери бейнероликтер, біздің жас әртістердің орындауында би нөмірлері мен өлеңдерді оқу көрермендерді таң қалдырып, оларды сол алапат, бірақ та тарихта маңызды уақытқа апарғандай болды. Бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқандарды және жақында кеткен ардагерлерді құрметпен еске алдық.

Ардагерлер ұрпақтары кетуде, Ұлы Отан Соғысы туралы жадында сақтау, бірде бір қаза тапқан жауынгерді ұмытпау мен тірілерге ерлік істері үшін  алғысымызды көрсету — біздің негізгі міндетіміз. Бұл Жеңіс үшін қымбаттан айырылдық  және бүгін де, алдағы уақытта да ешкімге осыны ұмытуға жол бермейміз! Отан Қорғаушылары мәңгілік есте сақталсын!

 

Тәрбие ісі жөнінде басшының орынбасары

А.А.Зарипова-Тарасова

DSC_0064

DSC_0071

DSC_0076

DSC_0082


WhatsApp Image 2018-05-04 at 16.50.55 (1)

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий