русский

Мұғалімдер күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар! Тамаша мереке — Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз.
Біз білім ордасы — мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.

«Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!» — деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан. Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

DSC_0420

DSC_0442

DSC_0453

DSC_0490

DSC_0493

DSC_0501


Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий