русский

Тәрбие іс-шарасы

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 16 қазан күні облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі Елена Борисовна Морозова 6 «а» сынып оқушыларымен «Павлодар Ертісінің жас өлкетанушылары» атты өлкетану бойынша ашық тәрбие іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты: оқушылардың туған өлкесі, Павлодар облысының ұлттық табиғи ескерткіштері туралы өлкетану негіздерін қалыптастыру. Оқушылармен және қосымша білім беру мұғалімі Орт Инесса Николаевнамен бірге көптеген алдын-ала жұмыстар жүргізілді. Өлкетану материалдарын жинау және өңдеу. Оқушылар ғылыми-зерттеу тобының «Баянауыл табиғи ескерткіші», «Қаздар қонысы», «Ертіс өзенінің алқабы» бағыттары бойынша экскурсияға шығу. «Қаздар қонысы» палеонтологиялық ұлттық табиғи ескерткіш туралы бейнефильм жасау.

Сонымен, осындай нәтижеге келіп жеттік… Елена Борисовна балаларды біздің «Кішкентай Отанымызға», Павлодар Ертісіндегі табиғи ескерткіштерге саяхатқа шақырды. Балалар тарихи-өлкетану жұмыстары туралы және жұмбақтар, аңыздар мен тосын сыйларға толы Баянауылда демалған кездерінде алған әсерлерімен бөлісті.  Баянауылдың пайда болу тарихы туралы Збасарова Сабина қызықты ақпарат дайынды. Ахметова Аружан «Баянауылдың ерекше көлдері» кластерін дайындап, балалар мен сабақ қонақтарымен ақпаратпен бөлісті. Баянауыл таулары — адамзатқа берілген ғажайып, аңыздар, жұмбақтар. Біздің оқушылар кейбір туристік жолдармен серуендеуге шықты. Белоусов Максим, Исбасаров Азимхан Баянауыл таулары туралы аңыздар мен мифтерді айтып берді: «Жалмауыз кемпір», Жылқы басы, «Бөлке». Балалардың саяхаты мұнымен бітпеді. Төртінші жыл, біздің сынып «Балалар мен жасөспірімдер экологиясы және туризмі» орталығымен ынтымақтаста. Осы оқу жылында біздің сынып қосымша білім беру мұғалімі Орт Инесса Николаевнамен бірлесіп, қаздар қонысын, табиғи палеонтологиялық ұлттық саябақты, ашық аспан астындағы музейді зерттеу бойынша жобалық жұмыстарды бастады. «Қаздар қонысы» бейнефильмі түсіріліп, ашық сабақта көрсетілді. Гид Муритова Айсара Павлодар қаласының балалары мен қонақтарын ұлттық палеонтологиялық «Қаздар қонысы» ескерткішіне экскурсияға шақырды. Сабақтың соңында балаларға өлкетану сөзіне синквейн жасау тапсырмасы ұсынылды, оны ойдағыдай орындады. Сабақтың соңында Елена Борисовна әр оқушыға лайықты деп танылған «Павлодар Ертісінің ақылдылары» орденін ұсынды! Шара соңында оқушылардың көрсеткен өлкетану жұмыстарынан алған әсерлері мен эмоцияларымен бөлісу үшін қонақтарға сөз берілді, сондай-ақ мектеп-интернат әкімшілігінің өлкетану ғылыми-зерттеу жобалары арқылы біздің «Кіші Отанымызды» оқуды жалғастыру туралы қолдауларымен бөлісті. Тәрбиеші ретінде мен білім беру мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге, рухани-мәдени құндылықтарды сақтауға және дәріптеуге, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған біздің «Кіші Отанымызды» зерртеп жатқан оқушылармен өлкетану жұмыстарын жүргізуді жалғастыруымыз керек деп ойлаймын.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий