русский

КЕРЕКУЛІК АҚЫНДАР

Мүгедектер күніне және «Қамқорлық» қайырымдылық айлықтарына арналған онкүндік аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханасымен бірлесе «Жүрек қағысы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекенің қонағы — Павлодарлық ақын Игорь Анатольевич Неустроев. Көру қабілеті мен есту қабілетінің нашарлығына қарамастан, Игорь Анатольевич белсенді қоғамдық өмір жүргізеді: ол тігін шеберханасында жұмыс істейді, мүгедектер арасындағы Республикалық спартакиаданың жүлдегері, шахмат бойынша дәрежесі бар және П. Васильев атындағы облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі.

Оқушылар ақынның шығармашылығы, оның өмірі туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. И. Неустроевтың өлеңдері оқушылар арасында кең танымал, жас ақын, 10 «Б» сынып оқушысы Мусина Василя Э. Асадов туралы үзінді оқып, сонымен қатар өзінің шығармашылығымен бөлісті. Ынтымақтастық үшін облыстық кітапхана меңгерушісі Шахметова Шолпан Баяновнаға алғысымызды білдіреміз.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий