русский

«Біз тек салауатты өмір салтын таңдаймыз!»

«Біз тек салауатты өмір салтын таңдаймыз!» Жобасы аясында 18 қазан күні, жүзу спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павлодар қаласының аңызы, өте жас болғанымен атақты спортшы Дмитрий Ли біздің мектеп-интернаттың оқушыларына қонаққа келді. Жүздеген ұлдар мен қыздарды қолдарын түсірмей, тек алға ұмтылуға шабыттандырады! Дмитрий балаларға өзінің жеңістері туралы айтып берді, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, көптеген оқушыларға үлгі алар адам ретінде жүрек төрінде қалды. Павлодарлық чемпионға уақыт бөлгені үшін алғыс айтамыз және тек жеңістер тілейміз! Алға Қазақстан!

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий