русский

психолог

Мұғалімдерге кеңес

«Мектептегі дезадаптация және бірінші сынып оқушыларын оқытудағы кездесетін қиындықтар»

Баланы мектепке бейімдеу — күрделі процесс, ол ағзаның бүкіл жүйесінің қауыртылықпен байланысты. Баланың мектепке бейімделуіне бір күн емес, бірнеше апта қажет. Баланың ағзасы өзгерістерге, жаңа фактілерге бейім.
Бейімделудің 3 фазасы:
1) генералиалдық әсер, белгілі бір жаңа әсеріне бала ағзасының барлық жүйесіне толқынды әсерімен және маңызды қауыртылықпен жауап береуі. Бұл «физиологиялық толқын» бір – екі жұмаға дейін созылады.
2) тұрақсыздық бейімдеу, бұл жағдайда бала ағзасы оптималдық нұсқауларды іздей бастайды.
3) тұрақты бейімдеу, ағзасы жаңа қажетті жүктемелерді іздей бастайды.
Мектепке бейімдеу кейбір балаларда ауыртпалықсыз өтеді. Ал кейбіреулерінде ол мүлдем басталмайды, сол кезде әлеуметтік – психологиялық дезадаптация туралы сөйлеуге тура келеді, болашақта маңызды нәтижеге жеткізеді.
Мектеп дезадаптацияға негізінде қандай себептер жатады?
Ең басты себептердің бірі — балалардың талаптарына функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеуі.
Басқа себептердің қатарына баланың интеллектуалды дамуының жеткіліксіз деңгейін, айналадағылармен қарым–қатынас жасай алмаушылығы, денсаулықтың қанағатсыз жағдайын атауға болады.
Бұл бәрі ішкі себептердің кешені, жалпы айтқанда «бала мәселелері» болып аталады. Бірақ мектеп дезадаптацияның сыртқы себептері пайда болады, бұл «мұғалімнің мәселелері»: оқытудың мазмұны және білім берудің әдістемесі баланың мүмкіндіктеріне сай емес.
Мектептің қиыншылықтарын екі кезеңге бөлуге болады:
— спецификалық, негізінде белгілі бір мориканың бұзушылығы, көру және кеңістікті бағдарлау, сөйлеуді дамыту және т.б.
— спецификалық емес, ағзаның жалпы әлісіздігімен, жұмысқа қабілеті төмен, әрекеттің жеке темпінің төмендігімен айқындалады.
Осындай балаларда сабақ үстінде ұйымдастыру қабілеттері төмендейді, көңіл бөлінушілік жоғарлатады және әрекетінде пассивті болуы ықпал. Берілген тапсырманы түсінуге қиынға түседі. Бұндай оқушылардың жазуы түсініксіз, таңығысыз.
Жіберілген қателері жазылмаған әріптерде, буындарда, кездойсоқ ауыстыруларда, әріптердің тастап кетуінде және ережелердің қолданылмауында көрінеді.
Математикаға оқытқан кезде қиыншылықтар жазылуының түсініксіздігінде байқалады. (сандар түзу емес, созылған).
Сыныптағы жағымды психологиялық климат ұйымдастырудың басты мұғалімдерге жатады. Оқу мотивациясының деңгейін жоғарлату үшін әр қашанда жұмыс істеуге қажет және сабақта, үзілісте мектептен тыс әрекетінде балаға көп көңіл бөлу қажет.
Баланың мектеп дезадаптациясының пайда болған тәуекелін педагогтардың, ата –аналардың, дефектологтардың, дәрігер мен мектеп психологтың біріккен күшімен төмендету.