русский



Шығармашылық ұжымдардың облыстық байқаудағы жеңіс

10 қараша күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп- интернаты» ММ- ң қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!»  атты білім беру ұйымдарының көркемөнерлік шығармашылық ұжымдардың облыстық байқауына қатысты. Байқауға  «Кәсіподақ қызметкерлердің Қазақстандық салалық ұйымдарының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ -ң құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдары, білім беру ұйымдарының барлық ұжымдары қатысты. 26 қазанынан бастап байқау облыстың түрлі аудандарда, ал 10 қазанда колледждер мен облыстық ұйымдар арасында өтті.

Читать далее »

Зағиптардың әлеміне көз жібер

Халықаралық зағип күні қарсанында 2016 жылдың 10 қарашада Әбусейіт атындағы МСО да өткен «Ақ таяқша»мерекелік концертіне облыстық арнайы жалпы білім  беру мектеп интернатының оқушылары қатысты.  Дарынды тәрбиеленушілер Төлеубек Қазбек, Еременко Константин және «Гүлдер» би тобы облыстың нашар көретін және зағип азаматтарына ғажайып өлеңдер мен билерін сыйлады,залды өздерінің шығармашылық энергиясы мен адалдықпен толтырды.

Читать далее »

Менің Отаным — Қазақстан

      2016 жылдың 2-3 қараша күндері  № 2 балалар музыкалық мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Алматы қаласының 1000- жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты балалар шығармашылықтың V қалалық фестивалі өтті.

Читать далее »

Серіктестік кездесу: тәжірибе және жастық: 3:1

2016 жылдың 4 қараша күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ–де  сауатты өмір салтын насихаттау және мұғалімдер арасында  ынтымақтастықты бекіту мақсатында мұғалім –тағылымгер мен жас мамандар арасында волейбол бойынша серіктестік кездесу өтті. Жарыстардың қорытындылары бойынша Н.Қ.Махамбетовтың басшылығымен «Шалдар қарақшылар» командасы жеңіп шықты. Жарыстардың үздік ойыншылары  Ж.Т.Аухалиева, А.К.Абизенова, А.А.Касымова .

Читать далее »

«BI- Жұлдызай» -нан шеберлік сабағы

2016 жылдың 3-4 қараша күндері Алматы қаласында «BI- Жұлдызай»  корпоративтік қайырымдылық қорымен балалар үйінің, мектеп-интернаттардың, оңалту орталығының мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтары өткізілді. «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-ң қосымша білім беру педагогтары Г.Т.Кауменова және М.Е.Зельман вокал және хореография бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

Читать далее »

Күзгі көрсетілім

«Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ –де  Алтын күздің келуіне арналған мерекелік іс –шаралар өтті. 1-5 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» атты сайыс өтіп, 2 сынып оқушысы Витохина Алина жеңімпаз болып атанды.  Қазіргі уақытта ертегілік көрініс 6-9 сыныптар арасында «Күзгі дуэт»  жалпы мектептік сайысына айналды. Оқушылар жұпта «Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы» атағы үшін тартысты. Нәтижесінде, күзгі атағына 7 сынып тәрбиеленушілері Ганиев Иван және Мусина Василя ие болды.

Читать далее »

Жақсы қызметкерлер әрқашанда сенбілікте!

2016 жылдың 8, 15, 22 қазан күндері «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп — интернаты» ММ- ң қызметкерлері мектеп аумағын абаттандыру бойынша сенбілікке белсенді қатысты. Мұғалімдер және техникалық қызметкерлер үлкен ынтамен мектеп ауласы мен төңірегіндегі қоқысты жинап, бау бақшаны ретке келтірді және ағаштарды қайта отырғызды. Ұжым мүшелері өздерінің азаматтық позициясын, біздің тәрбиеленушілер мен мұғалімдерге екінші үй болып отырған орынға деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті адал ниетпен көрсете алды.

Читать далее »

Спорттағы табыстар

Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп — интернатының тәрбиеленушілері 2016 жылдың 21,22 қазан күндері өткен дойбы және тоғызқұмалақ бойынша көру мүшелері мен тірек — қимыл аппараты зақымдалған мүгедек спортшылары арасындағы облыстық жарыстарға қатысты. Жарыстар мүгедек- спортшыларды әлеуметтік, психологиялық және физикалық оңалту,  олардың спорттық дағдылары мен облыстық құрама командаларынқалыптастыру үшін күшті  спортшыларды іріктеу мақсатында өткізілді.

Читать далее »

Көп тілде сөйлеу сәнді!

2016 жылдың  1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін барлық білім беру мекемелерінде өтетін «Тілдер айлығы» шеңберінде, «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп — интернаты» ММ — де қазақ тілінде тақырыптық кинофильмдердің көрсетілімдері және Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына барулар ұйымдастырылды, мектептік авторлық оқулар, «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағаттары, Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш, «Көп тілде сөйлеу сәнді» атты тақырыптық кеш өткізілді. Тақырыптық кешінде мектеп оқушылары өз білімдерін көрсетіп, қазақ және ағылшын тілінде тамаша мәнерлер оқуын көрсете алды.

Читать далее »

Өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы келісім

2016 жылдың 27 қыркүйек күні «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп- интернаты» ММ-де рухани бірліктің идеяларын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы және ұлтаралық келесімді бекіту және сақтау, өсіп келе жатқан жастарды тәрбиелеу процесінде ұрпақты жалғастыруды қамтамасыздандыру мақсатында Павлодар облысының Қазақстан халықтарының Ассамблеясында Аналар кеңесімен өзара әрекеттестік және ынтымақсатық туралы келесімге қол қойылғанының ерекше оқиғасы болған.

Читать далее »